Абай облысында 62 адамның көлік жүргізуге құқығы шектелді

20

Абай облысына қарасты Үржар ауданында психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігі бары анықталды. Бұл деректі аудан прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде мәлім етті.

Аталған азаматтарда көлік басқаруға медициналық тұрғыдан қарсы көрсеткіштер бар. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда жүргізуші денсаулығына байланысты көлікті басқаруды бақылаудан шығарып алуы мүмкін, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларына алып келу қаупін арттырады.

Мәселен, 2023 жылы аудан тұрғыны эпилепсия ұстамасы кезінде көлік жүргізіп, адам көп жүретін көшелердің біріндегі қиылыста есінен танып қалған. Салдарынан екі көлікке зақым келіп, бір жолаушы орташа дәрежедегі дене жарақатын алған.

Аудан прокурорының ұсынысымен полиция органдары сотқа 62 адамның жүргізуші куәліктерінің күшін жою туралы өтініш берді. Сонымен қатар, диспансерлік есепте тұрған тұлғалардың деректері полицияға жолданып, оларды жүргізуші куәліктерінен және қару ұстауға берілген рұқсаттарынан айыру шаралары қолға алынды.

Алдыңғы пост
Алматыда кісі өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды
Келесі пост
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu