Air Astana Астанадан Данангқа тікелей рейс ашты

144

2024 жылғы 14 мамырда Air Astana Астана мен Вьетнамның Дананг қаласы арасындағы алғашқы тікелей рейсті орындап, Вьетнам бағытындағы маршруттық желісін кеңейтті. А321LR әуе кемесі Астананың халықаралық әуежайынан сағат 22:55-те ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 08:25-те Дананг халықаралық әуежайына қонды деп хабарлады баспасөз қызметі.

Air Astana Данангқа тікелей тұрақты рейстерді аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері орындайды.

Дананг – Вьетнамның орталық бөлігінде орналасқан жағалаудағы қала. Қала ақ ұлпа жағажайлары, туристік нысандары және жақсы көлік инфрақұрылымымен танымал. Данангтан бір сағаттық жолда орналасқан Хойан қаласы – Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы сақталған тарихи сауда портының бірегей үлгісі ретінде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Жазғы ұшу кестесі аясында Air Astana әуе компаниясы Вьетнам бағытындағы рейстер санын 11-ге дейін ұлғайтты. Қазіргі уақытта Нячанг қаласына рейстер аптасына төрт рет Алматыдан және үш рет Астанадан орындалуда. Дананг бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет Астанадан, ал 2025 жылғы 4 маусымнан бастап бұл бағыт бойынша Алматыдан да аптасына екі рейс орындалады. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз саяхаттай алады.

Алдыңғы пост
Құбыр жөндеу кезінде екі адам қаза тапты
Келесі пост
Ақтөбе облысының ең шалғай ауданында балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu