48
2025 жылдың 31 мамырынан бастап Air Astana Атырау-Баку бағытында тікелей тұрақты рейстерді іске қосады. Ұшулар апта сайын үш рет Airbus A320/A321 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты Атыраудан Бакуға 1 сағат 25 минут, ал кері бағытта 1 сағат 35 минутты құрайды.
KC277 рейсі Атыраудан дүйсенбі және сенбі күндері 18:30-да ұшып шығып, Баку қаласына 18:55-те келіп қонады, ал сәрсенбі күндері 21:35-те ұшып шығып, 22:00-де жетеді. Бакудан Атырауға кері рейс KC278 дүйсенбі және сенбі күндері 19:55-те ұшып шығып, 22:30-да қонып, ал сәрсенбі күндері 23:00-де ұшып шығып, келесі күні 01:35-те жетеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.