АЭС бойынша референдум: Exit poll нәтижелері жарияланды

127

«Amanat» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама бойынша дауыс бергендердің 72,3%-ы «иә» десе, 27,7%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

Ал Еуразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша сауалнамаға қатысқандардың 71,8%-ы «иә», 28,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты 6 қазан күні 189 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама – Еxit poll жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы «иә» десе, 30,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген.

Айта кетейік, жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 244 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылды.

Алдыңғы пост
Елімізде шамамен 3000 гектарды алатын өрт оқиғасы тіркелді: Үш адам зардап шекті
Келесі пост
7 жастағы баланың аяғына айыр кіріп кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu