Алматыда “ALA” Халықаралық қала коды түрінде отырғызылған бақ пайда болады, ол әлемдік рекорд орнатуы мүмкін , деп хабарлайды Elitar.kz Kazpravda.kz-ке сілтеме жасай отырып.
2500-ден астам аршадан тұратын әріптік бақ 3 гектардан астам аумаққа жайғасады.
Жобаның авторы және продюсері, қоғам қайраткері Дәут Шайхисламов өзінің Instagram-дағы аккаунтында бөліскендей, қоғам қайраткерлері Алматы әкімдігімен бірлесіп, 18 қарашада жасыл көрікті жерге отырғызуды аяқтайды.
Ол мегаполиске келген барлық адамдарды қарсы алады. Дегенмен, жазуды тек аспаннан ұшақтың терезелерінен ғана көруге болады.
“Біз әлемдік тарихқа енуге тырысамыз. Бұл бірегей ағаштардан тізбектелген үлкен сөз ретінде бақ Гиннестің әлемдік рекордына үмітті. “ALA” әріптері тіптім ғарыштан көрінетін болады”, – деді идея авторы Шайхисламов.