ҚР Вице-премьері – сауда және интеграция министрі Шымкент тұрғындарымен кездеседі

Теги: , , ,
Вице-Премьер РК – Министр торговли и интеграции встретится с жителями Шымкента
443

2022 жылдың 23 қарашасында Түркістан облысына және Шымкент қаласына сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Жұманғарин Серік Мақашұлы азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Шымкент қаласына барады.

Серік Маашевич жергілікті тұрғындармен және бизнес өкілдерімен кездесіп, өңірдің өндірістік кәсіпорындарына барады деп жоспарлануда.

Еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірін құрайтын екі өңірдің әлеуметтік және сауда-экономикалық дамуы алдағы кездесулерде талқылаудың негізгі мәселелеріне айналады. Серік Жұманғарин жиналғандарға Үкіметтің Шымкент пен Түркістан облысының алдағы үш жылға арналған әлеуметтік даму жоспарлары туралы айтып береді.

Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.

Негізгі іс-шаралар Шымкент қаласының әкімдігінде Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304г мекен-жайы бойынша өткізіледі.

Азаматтарды қабылдау сағат 17.15– 17.45-те өтеді.

Жұртшылықпен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), брифинг – сағат 17.45 – 19.00.

Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (МТИ), әкімдік тел. бойынша: +7 702 952 8855 (Бердалиев Бауыржан).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 775 882 8508 (Тойлыбаева Ақбота Жақсылыққызы).

Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Аккредиттеу үшін деректер (атауы, аты-жөні) 23 қараша сағат 13.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 702 822 0520 (Мөлдір Кеуенова).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша Мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз, деп қорытындылады ҚР ИДМ.

Алдыңғы пост
Тең мүмкіндіктер: ерекше қажеттіліктері бар жастар колледждерге көбірек түсе бастады
Келесі пост
Президенттік аурухананың дәрігерлері Шымкенттегі пациенттерді тегін қабылдайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu