Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан аулаларды су басты

451

Түркістан облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Түркістан облысының құтқарушылары нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынының салдарын жоюды жалғастыруда.

Бүгін, 7 қарашада сағат 17.30-дан бастап Түркістан облысында жаңбыр түріндегі толассыз жауын-шашын орын алды. Табиғат құбылыстарының салдарынан облыстың Төлеби ауданында жекеменшік балабақша ауласы мен жеке сектордың 25 аула аумағын су басты», – деді дүйсенбі күні ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Ол жағдайдың Түркістан облысы әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында екенін баса айтты.

«Арнайы мобильді құтқару жасағы құрылып, іске қосылды. Қазір Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаменті суды сорып, инертті материал салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізуде. Қазірдің өзінде 200-ден астам қап төселді, су жиналатын жерлерге 300-ге жуық қап төсеу жоспарлануда. Атаулы көмек бар. Алдын алу жұмыстары жалғасуда. Ал, синоптиктердің болжамынша, 8 қарашада өңірде тағы да қатты жауын-шашын күтіледі», – деп ескертті Иманқұлов.

Алдыңғы пост
​20 млн теңге несие алмақ болған ер кісі танысына алданды
Келесі пост
​Литвалық дәрігерлер шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өткізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu