«Ордабасы» футбол клубының команда капитаны, Асхат Тағыберген ай сайын 20 млн теңге алады. Бірақ, ойынды жарытпай отыр. Бұл туралы, Шымкент қаласының әкімі, Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Асхат Тағыберген не ойнай алмайды, не кетпейді. Тіпті, клубтан шығарып жібере де алмайды. Өйткені, екі жылға келісім-шарт жасаған. Егер, ол кетсе, келісім шартқа сәйкес, ақшаны беруге тиіс.
«Бізге қалған команда “болота” қалдырып кеткен. Бір айлақтары орташа 15 млн теңгеден төлеп отырған. Екі жылға контракт. Тоқтатсақ, екі жылға төлеп беру керекпіз. Ашығын айтайын. Асхат Тағыберген ойнай алмайды да, отыр. 20 млннан алып отыр»,-деді әкім.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, жеке достары футболистерді өз қаржыларына Хорватияға, Сербияға алып барған. Арнайы формамен де қамтамасыз еткен. Енді, автобус алып бермекші.