​Алаяқ ер кісі 16 тұрғынды оп-оңай алдап кеткен

Теги: ,
329

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғындары алаяқтың құрбаны болды. Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ ер адам тұрғындардан қайтарымсыз несие алуға көмек беремін деп алдау жолымен ақша алып отырған.

Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданған. Оның айтуынша, алаяқ ауыл тұрғынының сеніміне кіріп, 370 мың теңгеден астам ақшасын алған. Ұзақ уақыт уәдесін орындамай созып жүріпті. Полиция бөліміне алаяқтан зардап шеккен ауданның тағы бірнеше тұрғыны хабарласып дәл осындай ақпараттарды жеткізген.

Күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда таңда тергеу ер адамның алаяқтықтың 16 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрап отыр.

Ер кісінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайы анықтап жатыр.

Алдыңғы пост
​Баспана мәселесіне қатысты азаматтарды қабылдау өтті
Келесі пост
Полицияға 99 рет қоңырау шалған астаналық айыппұл арқалады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu