171
Алматы облысы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасын жұқтырғандар саны 15-тен асты. Бүгінге дейін, 16 адам ауруханаға жатқызылды.Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Күдікке ілінген 16 адамның арасында 11 науқастың «сібір жарасын» жұқтырғаны нақтыланды. Ал, төрт адамнан диагноз расталмаған. Бірақ, науқастан сынамалар алынып, тексеріліп жатыр.Ұйғыр ауданындағы бұл ауылдың жағдайы толық бақылауға алынған»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі жергілікті тұрғындарға ет пен ет өнімдерін тек тексерілген орындардан сатып алуға және мал бағу кезінде сақтық шараларын ұстануды сұранады.
Айта кетейік, «сібір жарасы» адамнан адамға жұқпайды.