33
22 маусым күні, Алматы қаласында қайғылы оқиға орын алды. Ақкент шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетіп, оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға кешкі уақытта болған. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметі, баланың өмірін сақтап қала алмады.
Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың ата-анасы үйде болған.
Құқық қорғау органдары, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, терезелер мен балкондарға арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.