2025 жылғы 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы қалалық полиция департаменті бірлесіп, кісі өлтіру және адам ұрлау дерегі бойынша күдіктілерді ұстау операциясын жүргізді. Арнайы іс-шара нәтижесінде 2025 жылдың мамырында Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап, өлтірді деген күдікке ілінген қылмыстық топтың екі мүшесі ұсталды.
Ұсталғандар 2025 жылдың маусым айынан бері іздеуде жүрген.
Сот шешімімен күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, қылмыстық топ мүшелерін қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынына қатысты да қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.
Аталған іске байланысты тергеу амалдары жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабына сәйкес, қылмысты немесе қылмыскерді жасыру заңмен қудаланатынын еске саламыз.