Алматыда «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

23

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Matic Basket» атты қаржы пирамидасының қызметін әшкерелеп, тоқтатты.

Ұйымдастырушылар өз жобаларын «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды инвестиция салуға шақырған. Олар криптовалюта нарығындағы майнинг пен трейдинг арқылы жоғары табысқа қол жеткізуге уәде берген.

Азаматтардың салған қаржысы 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейінгі көлемде болған. Дегенмен, салымшыларға бұл қаржы операцияларын растайтын ресми құжаттар берілмеген. Ешқандай келісімшарт жасалмаған.

Қатысушыларға жаңа салымшыларды тарту арқылы әрбір операциядан 10% көлемінде сыйақы берілетіні айтылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінен 1900-ден астам адам тартылып, жалпы 80 миллион теңгеден астам қаражат салынған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты елден шығуға тыйым салынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Алдыңғы пост
Жапонияда “әжелерді жалға алу” қызметі іске қосылды
Келесі пост
Құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметкерлер жаппай жұмыстан босатылып жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu