Алматылық әйелдің ішінде дәке қалып қойған. Келіншек, 2024 жылы тамыз айында №2 перзентханада үшінші баласын кесарь тілігі арқылы босанған. Ол, отадан кейін ауырсынуды сезіп, ақ халаттылардан мұқият тексеруді сұраған. Алайда, дәрігерлер тексерісті немқұрайлы жүргізіп, оны үйіне шығарып жіберген.
Үйіне шыққан азаматша, 9 ай бойы қатты ауырып, бірнеше клиникада тексеруден өткен. Алайда, нақты диагноз қойылмаған. Тек 2025 жылдың мамыр айында, компьютерлік томография жасалып, жамбас қуысында бөгде зат анықталған. Нәтижесінде, 3 маусым күні шұғыл ота жасалған.
Дәрігерлер әйелдің ішінен іріңдеп кеткен дәкені алды. Бұл перитонитке және ішкі ағзалардың зақымдануына әкеп соққан. Ол аздай, ішектің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған.
Қазіргі таңда, әйел кінәлілерді сотқа бермек. Ол, ұзақ уақыт бойы ем қабылдауға мәжбүр.