Алты жыл бұрын адам өлтірген ер кісі қамауға алынды

Теги: ,
256

Осыдан алты жыл бұрын адам өлтірді деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Германиядан экстрадицияланды.

Германия Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды. Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.

Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

«Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды» деп атап өтті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қамауға алынған күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алдыңғы пост
Ішімдікке сылқия тойып алған ер адам стадионда іш киіммен жүрген
Келесі пост
“Өлтіруші тауды” бағындырған Шымкент тұрғыны жаңа шыңға шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu