«Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметі әшкереленді

84

21 млрд теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы қамауға алынды деп хабарлады ҚМА.

Қазақстанда 8 мыңнан астам салымшыны алдаған ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды. Алаяқтар азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуды уәде еткен. Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Пирамида «Алло, не керек», «i-m@rketing», «Gold SapaPremium» сияқты ЖШС арқылы жүзеге асқан. Ұйымдастырушылар жалған шарттар жасап, 1,8 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге шығарған.

Қылмыстық кіріс есебінен сатып алынған пәтерлер, жеке үйлер мен қымбат көліктерге сот шешімімен тыйым салынды. Бас ұйымдастырушы қамауға алынып, тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Түркияда жер сілкінісі болып, жасөспірім ажал құшты
Келесі пост
Жол апаты: Сегіз жастағы қыз аяғынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu