51
Жаға ұстатарлық жағдай, Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған. Келіншек, 4-5 қабат аралығында орналасқан терезеден бауыр еті балаларын лақтырып жіберген. Артынан өзі де, секіріп кеткен. Көшедегі куәгерлер тез арада жедел жәрдемге хабар берген. Нәтижесінде, екі бала ауыр халде балалар ауруханасына жеткізілді. Ал, анасы қалалық №1 ауруханаға жатқызылды.
Алдын-ала мәлімет бойынша азаматша медициналық мекемеде есепте тұрады.
Қазіргі таңда, аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу, өзін-өзі өлтіру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.