136
Мәжілісте Салық кодексінің жаңа жобасы таныстырылды. Мұнда қандай көліктер салықтан босатылатыны және кімдер салық төлемейтіні белгілі болды.
Мәселен, сіздің көлігіңізге 10 жылдан аса уақыт өтсе, 30 % салық төмендетілді. Ал, егер 20 жылдан асқан көлік болса, 50 пайыз жеңілдік аласыз.
Сонымен қатар, қазақстандықтар зейнетақы қорынан берілетін төлемдерге салық төлемейді.
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге салынатын жеке табыс салығы алынып тасталынды.
Дегенмен, мәжіліс депутаттары шетелде мүлкі бар азаматтарға салық салу туралы ұсыныс жасаймыз деп отыр.