Ғани Бейсембаев: Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыратын кәсіпкерлердің жауапкершілігі төмен 

50

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, білім ошақтарында ыстық тамақ беретін кәсіп иелерінің жүрдім-бардым әрекетін сынға алды. Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануынан кейін барлық өңірлерде тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Бұл туралы «Жедел желі» бағдарламасына берген сұқбатында мәлімдеді.

«Аймақтық тексеру комиссияларын заңдастырдық. Облыстық білім басқармасына қалаған уақытында, жүйелі түрде асханаларды тексеруге құқық бердік. Заң жүзінде барлығы бар. Бірақ талапты орындауда отандық кәсіпкерлер өз міндетін дұрыс атқармай келеді. Мәселен, Маңғыстау өңірінде қызмет көрсеткен кәсіпкер 200 келісімшарт орнатқан. Осындай келеңсіздіктер жергілікті атқарушы органдардың тиісті тексерістерді дұрыс жүргізбеуінен», – дейді Ғани Бейсембаев.

Алдыңғы пост
Марадонаның сүйегі қайта қазылады 
Келесі пост
20 оқушы бұрыш спрейінің кесірінен шұғыл түрде ауруханаға түсті 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu