Шымкентте апалы-сіңлі қыздар суицид жасап ауруханаға түскен. #НеМолчикz порталына келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 21 және 15 жастағы екі қыз Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық окцигенация орталығына жеткізілген. Бұл ақпаратты сол жерде жұмыс жасайтын қызметкер жіберген. Оның сөзіне сәйкес, қыздарға жыныстық зорлық-зомбылық жасалған. Сондай-ақ ақпаратта, күдіктілердің бірі полиция қызметкері екені айтылған.
Жәбірленуші тараптың сөзіне сүйенсек, ер азаматтар қыздарды видео түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытқан секілді.
Осы қорлыққа шыдай алмаған қыздар суицид жасаған.
Қазіргі таңда, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыздар арыз жазған. Шымкент қалалық ПД іс қозғалғанын растады. Және күдіктілердің бірі, қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің бұрынғы бақылаушысы екені анықталған.
“Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі ҚАЖ мекемесінің бұрынғы бақылаушысы екенін хабарлаймыз”,-деді ПД ресми өкілі.