Қаржылық пирамида ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

95

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты2019-2020 жылдар аралығында «Качество PLUS» ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құрған Орал қаласының тұрғынын анықтады.

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және 10 жыл мерзімге қаржы ұйымының мүшесі болу құқығынан айыра отырып қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол, инвестициялық жобаларды заңды түрде инвестициялаймыз деген желеумен ол 73 салымшының қаражатын заңсыз тартып, жоғары табысқа уәде берген. Қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілер жалпы сомасы 143 миллион теңгеден астам материалдық шығынға ұшыраған.

Одан әрі өзіне жеке басшылық бойынша барлық өкілеттіктерді бере отырып, ол азаматтардың тұтыну кооперативінен «Свой DOMkz» және «Pater Hause» тұрғын үй-құрылыс кооперативінен жалпы сомасы 161 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлаған. Оның кінәсі толығымен дәлелденді.

Сонымен қатар, сот үкімімен тыйым салынған жылжымайтын және жылжымалы мүлік, атап айтқанда жер телімі мен автокөлік келтірілген шығынды өтеуге жіберілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Ұлттық құраманың еншісінде 48 медаль бар
Келесі пост
Ақтөбеде жүк көлігі ана мен баланы қағып кетті: Бүлдіршін көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu