Қаржы пирамидасын құрып, талай жанды шырылдатқандар екі айға қамауға алынды. Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізілді. Нәтижесінде, арам жолмен ақша таппақ болғандардың жолы кесілді.
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған. Ал, қарымына ай сайын салынған соманың 30% – на дейін пайда табуға уәде берген.
Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді.
Қазіргі таңда екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталды. Оларға қатысты сот, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.