Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам іс тіркелген

23

«Нұра» ауданының прокуратурасы азаматтардың назарына қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған террористік қауіптер, нысандарды жарылғыш затпен жарақтандыру туралы және өзге де қасақана жалған хабарламалар тарату фактілерінің жиілегенін жеткізеді деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Соңғы екі жыл ішінде Астана қаласында жалған терроризм фактісі бойынша 40-тан астам істер тіркелген. Аталған әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық болып табылады және оның жазасы ретінде 5 000 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Мысалы, ағымдағы жылы Түркістан облысының кәмелетке толмаған тұрғыны өз өңірінде бола тұра, Астана қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының нөміріне үшінші тұлғаның атынан террористік акт жөнінде жалған хабар берген. Құқық қорғау органдары тарапынан құқықбұзушының жеке басы шұғыл анықталып, нәтижесінде сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Қылмыстық жауаптылықпен қатар, мұндай әрекеттер материалдық жауапкершілікке де әкеп соғады. Сот шешімімен құқықбұзушылар жалған хабарламаларға әрекет ету барысында мемлекет тарапынан жұмсалған материалдық шығындарды (арнайы қызметтердің жұмысы, полиция, саперлер, кинологтар, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің шығындары, эвакуациялық іс-шаралар, мекемелердің қызметін уақытша тоқтату және т.б.) толық көлемде өтеуге міндеттеледі.

14 жасқа толмаған тұлғалар тарапынан жалған хабар таратылған жағдайда келтірілген материалдық залал үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапты болады.

Алдыңғы пост
Құлсары: Емханада әйелін аса қатыгездікпен өлтірген адамға сот үкім етті
Келесі пост
Жыл соңына дейін 150 ауылдық елді мекеннің сумен қамту жағдайы жақсарады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu