Астанада «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды

227

Астанада «Әке тәрбиесі – ғасырға азық» форумы өтіп, «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, елордалық білім басқармасының өкілдері және «Әкелер одағының» мүшелері қатысты. Форум Қазақстандағы әкелер күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда «Әкелер одағының» 12 өңірлік филиалы бар, ал Астананың әр мектептерінде одақ өкілдіктері жұмыс істейді. Одақ ЮНИСЕФ-тің ерте жастағы балаларға, денсаулыққа және қыздарды тәрбиелеудегі әкенің рөліне қатысты үш жобасына қатысады, сонымен қатар тақырыптық кітаптар шығарып, баспалармен жұмыс істейді.

Әке институтын дамыту – мемлекеттің отбасылық және гендерлік саясатының басым міндеттерінің бірі. Осы жылдың күзінде әкелердің IX республикалық форумы өтеді.

2023 жылы Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеу үшін екі жаңа мереке енгізілді.Маусымның екінші жексенбісінде – Аналар күні және маусымның үшінші жексенбісінде – Әкелер күні бекітілді деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
Сәкен Бибосыновтың басты қарсыласы кімдер?
Келесі пост
“Аза” есімімен танымал полицейдің ісі сотта қаралуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu