Астанада жалған шот-фактуралар арқылы 1,6 млрд теңге салықтан жалтарған қылмыстық топ мемлекетке шығын келтіргені үшін жауапқа тартылды.
Астанада салық салу саласындағы олқылықтарға нүкте қойылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бір топ тұлға жалған шот-фактуралар рәсімдеу мақсатында қолма-қол ақша компанияларын құрып, олардың көмегімен түрлі кәсіпорындарға жалған қаржылық құжаттар берген. Нәтижесінде осы кәсіпорындар мемлекетке төленуге тиіс 1,6 миллиард теңге салықтан жалтарған.
Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар 10 адам кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аталған салық сомасын төлеуден жалтарған компаниялардың банкрот болуына байланысты Астана қаласының прокуратурасы кінәлі тұлғалардан келтірілген залалды өндіру мақсатында азаматтық сотқа талап арызбен жүгінді.
Сот, Астана қаласы прокурорының талап-арызын қанағаттандырып, сотталғандардан мемлекет кірісіне 1,6 миллиард теңге көлеміндегі залалды өндіру туралы шешім шығарды. Қазіргі таңда бұл сот актісі заңды күшіне енді.