102
Австрияның Грац қаласында 10 маусым күні таңертең оқушы мектеп ішінде оқ жаудырды. Салдарынан, 11 адам ажал құшты.
Бақ беттеріндегі ақпараттарға сәйкес, шабуыл жасаған адам осы білім ордасының оқушысы екен. Ол екі сыныпқа кіріп, оқ атқан. Жалпы шамамен, 20 оқ атылған.
10-нан астам адамды өлтірген күдікті өзіне-өзі қол жұмсаған көрінеді. Оның мәйіті мектептегі әжетханадан табылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол бұған дейін буллингке ұшырағанын айтқан.