18
2025 жылғы 1 маусымдағы ресми дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 20 370 672 адамға жетті. Яғни, еліміздің демографиясы күн санап артып келеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бергі өсім 87,2 мың адамды құраған.
▪️ 80 мың – табиғи өсім есебінен (туу – өлім айырмасы)
▪️ 7,2 мың – көші-қон арқылы (елге келгендер мен кеткендер айырмасы)
1 миллионнан астам тұрғыны бар өңірлер:
1. Алматы қаласы – 2 314 929 адам;
2. Түркістан облысы – 2 150 992 адам;
3. Алматы облысы – 1 575 657 адам;
4. Астана қаласы – 1 566 566 адам;
5. Шымкент қаласы – 1 274 296 адам;
6. Жамбыл облысы – 1 220 481 адам;
7. Қарағанды облысы – 1 133 068 адам.