«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығы ТОП-50 финалистерінің тізімі жарияланды

245

«Адамдардың өмірін білім арқылы өзгерту» – бұл жыл сайын 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорымен өткізілетін «Global Teacher Prize» Глобалдық премиясының ұраны.

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығы Глобалдық «Әлем мұғалімі» Премиясының бір бөлігі ретінде, білім беру мен қоғамға елеулі әсер ететін мұғалімдердің жетістіктерін атап өтуге бағытталған. Сонымен қатар, Ұлттық Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Ұлттық Сыйлықтың қатысушыларының өтінімдері 2024 жылдың 22 сәуірінен бастап қабылданды. Биылғы жылы рекордтық көрсеткіш – Қазақстанның барлық аймақтарынан 2200 мұғалім Сыйлыққа қатысуға өтінім берді. Қатысушылардың өтінімдері жоғары деңгейде болғанын атап өту керек, бұл біздің мұғалімдеріміздің дамуының жақсы көрсеткіші.

Дауыс беру қорытындысы бойынша тәуелсіз Судьялар Академиясы ТОП-50 финалистерін анықтады. Номинанттарды іріктеу Глобалдық Премияны ұйымдастырушы Варке Қорының (Varkey Foundation) белгіленген критерийлеріне сәйкес жүргізілді.

Финалистер қатарына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық аймақтардың мұғалімдері кірді. Сонымен қатар, финалистер арасында математика, информатика, робототехника, физика, химия, биология, қазақ, ағылшын, орыс тілі, тарих, география, әдебиет пәндерінің, сондай-ақ бастауыш сыныптар мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бар. Мұғалімдеріміздің осындай жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысуы қуантады.

Алда екінші дауыс беру кезеңі және ТОП-10 финалистерді жариялау кезеңі тұр. Ол 2024 жылдың 20-23 қараша аралығында өтетін әлемдік білім апталығы аясында өткізілетін Нобель фестивалі, Ұстаздар Саммиті және «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығы сияқты ауқымды білім беру іс-шараларын біріктіреді.

Іріктелген ТОП-10 финалист Қазақстаннан Global Teacher Prize Глобалдық премиясының әлемдік кезеңіне номинацияланады, мұнда жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұған дейін Қазақстан педагогтары «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығы жобасының жүзеге асуы аясында екі рет әлемдегі ТОП-50 мұғалім қатарына енген.

Премия Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, ресми серіктес «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, Bilim Land, стратегиялық серіктес Абай атындағы ҚазҰПУ, ақпараттық серіктес «Білімді ел», зияткерлік серіктес Global Nomad Education қолдауымен өтеді.

Премия ұйымдастырушылары «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Сыйлығына қатысқан барлық мұғалімдерге алғыс білдіреді! Әрбір қатысушы мұғалім жеңімпаз болып табылады, өйткені сайысқа қатысу мұғалімдердің әрқашан өз мамандықтарында үздік болуға ұмтылысын көрсетеді!

2024 жылғы «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық Премиясының ТОП-50 финалистерімен таныс болыңыздар!

Аты-жөні, Оқыту пәні, жұмыс орны:

1) Кикбаев Алтынбек Камаламович

Информатика

Ж.Әбдірашев атындағы N62 мектеп-лицей, Арал

2) Салахадинова Евгения Ивановна

Учитель начальных классов

“Комплекс “Детский сад – школа -гимназия #46, Астана

3) Ажибаева Жадра Салимжановна

Қазақ тілі мен әдебиет

Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қызылорда

4) Төлеуқұл Мадина Дәулетқызы

Актерское мастерство

Центр Детского и Юношеского творчества, село Кордай

5)Абдуллаева Алия Болатбековна

Биология

№212 мектеп-гимназия, Қызылорда

6)Сугралиева Айман Тустикбаевна

Ағылшын тілі

Николай Гоголь атындағы орта мектебі, Жамбыл облысы Байзақ ауданы

7)Шерцер Александр Иванович

Информатика

Назарбаев Интеллектуальная школа физико-математического направления, Костанай

8)Кудабаева Альмира Кайратовна

Учитель химии и биологии

КГУ “Щербаковская ОШ имени М. Хакимжановой”, Костанайская область, Алтынсаринский район

9)Нурсеитова Анара Мухамеджановна

учитель биологии и science, STEM педагог

ТОО “STEMSpace”, Алматы

10)Аханова Маржан Қайратқызы

Информатика

№1 тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ, Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы

11) Қызылғұлова Әйгерім Нұртайқызы

Биология

“ІТ мектеп-лицей”, Ақтау

12) Садыкова Бахтыгуль Сейтсултановна

Бастауыш сынып мұғалімі

173 мектеп-лицей, Алматы

13)Боканова Гульмира Болатовна

Тарих және география

«Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ, Павлодар

14)Баймаханова Гулсара Абдулакимовна

Бастауыш сынып мұғалімі

Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицей, Арал

15)Асанова Лаура Қуанышқызы

Информатика, Робототехника

КГУ «Общеобразовательная школа №76», Алматы

16) Даулешяр Бақытәлі

Физика

Ә.Бейсеуов атындағы ОМ, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы

17) Джусамбаев Мирлан Толегенович

Физика

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз

18)Тобылбаев Еркин Темиржанович

Тарих

Ә.Кекілбаев атындағы #72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі, Актобе

19) Ермеков Рустем Ринатович

Steam, робототехника

High Tech Academy, Алматы

20) Абатова Жадыра Саркеновна

Информатика

172 мектеп-гимназиясы, Алматы

21) Гаппаров Жахонгир Абдразакович

Физика

“Озат” мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Костанай

22) Каскирбаева Жулдиз Мырзалиевна

Көркем еңбек

“№31 қазақ орта мектебі” КММ, Актобе

23) Конкулов Корган Какимжанович

Адаптивная физическая культура

КГУ’ КАБИНЕТ ПСИХОЛО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИЙ #1″, Астана

24) Курпебаева Шамшия Каблановна

Английский язык

ННПООЦ “Бөбек”, гимназия “Бөбек”, Алматы

25)Калмакова Мадина Темирхановна

Русский язык и литература

Школа – лицей №101 имени Али Муслимова, Қызылорда

26) Жұрсынқанов Мақсат Жұрсынқанұлы

Тарих

“Zaman” мектебі, Алматы

27) Сарыбаев Максат Махмутулы

Информатика

“Дарын” лицей-интернаты, Тараз

28) Мауытова Жаннұр Қалыбайқызы

Қазақ тілі мен әдебиет

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Ақтау

29) Марахова Наталья Владимировна

Учитель начальных классов

КГУ “Школа-лицей № 6”, Экибастуз

30) Качур Ольга Григорьевна

Биология

КГУ “ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №22», Жезказган

31)  Каппасова Сандугаш Елтаевна

Математика

Ұлттық бизнес және инжиринг мектебі, Астана

32) Белоусова Татьяна Геннадьевна

Химия

КГУОШ #95, Алматы

33) Әуренбаева Торғын Төлегенқызы

Қазақ тілі мен әдебиет

№40 орта мектеп, Алматы облысы, Іле ауданы

34) Раимбекова Улжан Кеттешовна

Русский язык и литература

КГУ “Школа-гимназия №7 “Туран”, Жетысай

35) Алимбекова Халима Пернехановна

Учитель английского языка

#92 специализированный лицей имени Махатма Ганди, Алматы

36) Шәбден Жадыра Рахманқұлқызы

Химия, биология

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназия, Шымкент

37) Абишева Шолпан Шарипбаевна

Химия

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы

38) Киселева Юлия Антоновна

Биология

Специализированная гимназия №8 с обучением на трех языках имени М. Х. Дулати, Шымкент

39) Заманбекова Анира Нуртлеуовна

Ағылшын тілі

Әл-Фараби атындағы 145 мектеп-гимназия, Алматы

40) Салхаева Дана Уйсинбаевна

Математика

Филиал НАО РФМШ, Астана

41) Чижевская Дарья Константиновна

Физика

PhysTech School Almaty, Алматы

42) Шынтасова Гульзат Бурабаевна

Қазақ тілі мен әдебиет

Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қызылорда

43) Жүніс Октябрина Амангельдіқызы

Математика

Школа-лицей №71, Астана

44) Бекболатқызы Гүлжазира

Қазақ тілі мен әдебиет

Астана қаласының Әдістемелік орталығы, Астана

45) Бегманова Шолпан Жолдыбековна

Тарих

№122 Ақжар ЖОББМ мектебі, Шымкент

46) Тлегенов Акжол Дауренович

Тарих

Үштөбе тірек мектебі (РО) КММ, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

47) Аккайнанова Нургул Утегеновна

География

Дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия, Атырау

48) Байсаков Нуржан Елюбаевич

Қазақ тілі

ТОО “Экономический лицей”, Астана

49) Садыкова Салтанат Токтархановна

Информатика и математика

КГУ Средняя школа №7, г.Алтай ВКО

50) Пазылова Алтынай

Русский язык и литература

Специализированная школа-интернат “Дарын”, Жетісай ауданы

Алдыңғы пост
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді
Келесі пост
Исландия түбегінде жанартау атқылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu