Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

87

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.

Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.

Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.

«Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Алдыңғы пост
Республика күні 850 нәресте дүниеге есігін ашты
Келесі пост
Сақтық шараларына мұқият болыңыз: Жауын-шашын, көктайғақ күтілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu