Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

440

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады деп хабарлады ҚР Туризм жəне спорт министрлігі.

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

«Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді», – деді министр.

Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Келесі пост
Жамбыл облысында екі жасөспірім суицид жасаған 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu