Қазақстан мен Тәжікстан энергетика саласындағы әріптестікті кеңейтуде

44

Бүгін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 19-отырысы өтті. Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Тәжікстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Хоким Холикзода қатысты деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов сөз сөйлеп, бұл отырыстың Комиссия аясында жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың заңды жалғасы екенін және екіжақты ынтымақтастықты үйлестіру мен дамытудағы тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

“Энергетика саласындағы нәтижелі әріптестік Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты серіктестіктің маңызды элементі болып қала береді. ҚР Энергетика министрлігі – қазақстандық тараптан Үкіметаралық комиссия қызметін үйлестіруге жауапты мемлекеттік орган ретінде өткен жылдың шілдесінде Душанбеде өткен 18-отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізді. Қазақстанның салалық министрліктерімен, ведомстволарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ Тәжікстанның Мемлекеттік инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару комитетімен өзара іс-қимыл бірқатар бағыттар бойынша конструктивті ілгерілеуге мүмкіндік берді, – деді Әлібек Жамауов.

Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында қазақстандық тарап Тәжікстанға жанармай жеткізуді ұйымдастырды, сондай-ақ электр энергиясымен қамтамасыз етудің тұрақты тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

“Біз энергетика саласындағы өзара іс-қимылды бір реттік жеткізілім ретінде емес, өзара қолдау мен дамытудың тұрақты және болжамды жүйесін құру деп қарастырамыз”, – деп атап өтті вице-министр.

Сөзінің соңында Әлібек Жамауов ҚР Энергетика министрлігі екіжақты энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін және қажетті үйлестіру мен қолдауды қамтамасыз ететінін атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігі.

Алдыңғы пост
Абай облысында 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді
Келесі пост
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu