Қазақстан үшін бірегей – фьюжн-биопсия әдісі енгізілді

25

Ұлттық ғылыми онкология орталығында Қазақстан үшін бірегей – фьюжн-биопсия әдісі енгізілді. Бұл – күрделі визуализацияны қажет ететін жағдайларда қатерлі ісіктерді аса дәл анықтауға мүмкіндік беретін инновациялық диагностикалық процедура деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

«Бұл әдістемені енгізу орталықтың заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуының арқасында мүмкін болды. Бізде ультрадыбыстық зерттеудің соңғы үлгідегі сканерлері бар. Олар осындай күрделі, бірақ өте қажетті технологияны қолдануға жол ашады», – дейді УДЗ және функционалдық диагностика орталығының меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина магистрі Дәмеш Оразбаева.

Фьюжн-биопсия деген не?

Бұл әдісте МРТ немесе КТ арқылы алдын ала түсірілген суреттер нақты уақыттағы УДЗ кескінімен біріктіріледі. Осылайша дәрігер күдікті ісікті нақты анықтап, ине арқылы дәл сол жерден тін алады. Бұл – қатені азайтып, диагнозды нақтылауға көмектеседі.

«Бұл әдістің басты артықшылығы – жоғары дәлдік пен асқынулардың сирек кездесуі. Әсіресе, терең орналасқан немесе УДЗ-де жақсы көрінбейтін ісіктерді анықтауда өте тиімді», – дейді шақырылған ментор, онколог дәрігер Виктория Щербина.

Фьюжн-биопсия келесі жағдайларда қолданылады:

– УДЗ-де көрінбейтін бауыр ісіктеріне күдік туындағанда;

– қуықасты безі қатерлі ісігінің күрделі түрлерінде.

Қуықасты безінің классикалық биопсиясы (кемінде 12 үлгі алу) шамамен 30% жағдайда жалған теріс нәтиже беруі мүмкін. Ал фьюжн-биопсия әдісі МРТ арқылы күдік тудырған нақты аймақтан материал алуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл әдістеме тек техникалық құралдарды ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейлі біліктілікті талап етеді.

Дәрігер УДЗ, КТ және МРТ салаларындағы білімді синтездей алуы керек, сондай-ақ кеңістіктік ойлау қабілеті болуы қажет. ҰҒОО мамандары тиісті оқытудан өтіп, бұл әдісті сенімді түрде қолдана бастады. Енді бауыр мен қуықасты безі обырын диагностикалауда фьюжн-биопсияны клиникалық тәжірибеге тұрақты түрде енгізу жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост
Ақтауда мүгедек адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды
Келесі пост
Атырау облысында полиция 16 келі қарасора өсірген аудан тұрғынын анықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu