Қазақстандағы туризм саласы ілгерілеп келеді.
«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуға тиіс. Еліміздің әр өңірінде көрікті жерлер бар. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет»,- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 ел арасынан 52-орынды иеленді. Бұған дейінгі индексте 66-орынға орналасқан еді.
– 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн шетелдік турист келді
– 10,4 миллион адам елімізде бір күннен көп уақыт өткізді
– Шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн
– Туристердің орташа шығыны – 1500 АҚШ доллары
– 2024 жылы шетелдік туристердің Қазақстанда жұмсаған жалпы шығыны 1,2 трлн теңгеден асты.
2024 жылы негізгі капиталға салған инвестиция көлемі – 947,5 млрд теңге
– 2019-2024 жж. 550 млрд теңгеге 605 жоба жүзеге асырылды
– 2024 жылы 87 инвестициялық жоба сәтті аяқталды.
●2025-2029 жылдарға арналған жоспарлар:
– Үш негізгі туристік аймақты дамыту:
• Щучье-Бурабай курорттық өңірі
• Маңғыстау курорттық өңірі
• Алматы тау кластері
– 2024-2027 жылдары қаржыландыру көлемі 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жобаны іске асыру
– Туризм саласында еңбек ететін адамдар санын 800 мыңға дейін арттыру
– Елімізде ішкі туристер санын 11 миллион адамға жеткізу
– Барлық қонақ үйді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу
– Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексінде Қазақстанды 50-ші орынға дейін көтеру.