Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына – 90 жыл!

752

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобалары таныстырылды.

Жиынның ашылуында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жобалардың жүзеге асуына сәттілік тілеген құттықтау хаты оқылды.

Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерлер қауымына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жиынға себеп болып отырған «ТМД елдерінің архивтеріндегі Қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «Жазушылар одағына үміткер» атты бірлескен жобаларға тоқталып өтті деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігі.

Жиын барысында жобалардың мазмұны мен мақсаты кеңінен таныстырылып, өткізу жолдары туралы айтылды.

Жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағына қабылданған жаңа мүшелерге мүшелік билеттер тапсырылды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына – 90 жыл. Бүгінде қоғамдық ұйым 1000-нан аса авторды біріктіреді

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері террористік сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 38 адам сотталды
Келесі пост
Харрис пікірталастан бас тартты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu