24
Бүгін Сенат депутаттары рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, 15 мыңнан астам сотталған азаматқа рақымшылық жасалмақ. Оның ішінде 4 мыңнан астам адам қылмыстық жауаптылықтан және жазадан толық босатылады. Бұл тізімге «ауыр емес» қылмыс жасаған азаматтар кіреді.
Қалған 11 мыңнан астам сотталушының жаза мерзімі қысқартылады. Мысалы, ауыр қылмыс жасаған, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың жазасы үштен бір бөлігіне, ал аса ауыр қылмыс жасағандардың жазасы төрттен бір бөлігіне қысқарады.
Айта кету керек, рақымшылық терроризм, экстремизм және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар сотталғандарға қолданылмайды.