Қазақстанда 16,3 миллион азаматтың жеке дерегі интернетте тарады

31

Қазақстанда 16,3 миллион азаматтың жеке мәліметтері интернетке тарағаны анықталды.

Деректердің ішінде азаматтардың тегі, аты-жөні, туған күні, ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі), тұрғылықты мекенжайы, тіркелген орны, телефон нөмірлері, жынысы, азаматтығы мен ұлты туралы мәліметтер бар.

Мәліметтердің нақты қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Алайда кейбір болжамдарға сүйенсек, бұл деректер жабық Telegram арналары арқылы сатылған болуы мүмкін.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады. Ведомство өкілдері бұл мәселеге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын, қосымша ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін жарияланатынын мәлімдеді.

Азаматтарға жеке деректеріне сақтықпен қарау және белгісіз дереккөздерге сенбеу ұсынылады.

 

Алдыңғы пост
Жетісу облысында қоқыс шығару тарифтері төмендетілді: 10 мыңнан астам тұрғынның құқығы қорғалды
Келесі пост
Ұрлық жасаған азамат түзелуге мүмкіндік алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu