37
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Абай есімді 18 763 адам тіркелген. Ең егде Абай есімді азамат 1932 жылы дүниеге келген. Биылғы жылдың басынан бері 157 нәрестеге ұлы тұлғаның есімі берілген.
Қызықты дерек, Абай есімі тек ұл балаларға ғана емес, қыз балаларға да қойылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар.
Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы мен ел тарихындағы орны зор екенін осы деректер де айқындай түседі. Ақынның құрметіне елімізде бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауылға Абай есімі берілген.