Қазақстанда бес күн ішінде 7 мыңнан астам көші-қон заңбұзушылығы анықталды

98

Республика аумағында жүргізілген рейдтер барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелді.

Атап айтқанда:

2,5 мыңнан астам шетелдік елімізде болу мерзімін бұзған;

862 шетелдік рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан;

499 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан;

3 мыңнан астам азамат шетелдіктердің өздерінде тұратыны туралы уәкілетті органдарға хабарламаған.

Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. 678 шетелдік елден шығарылып, оларға 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Алғаш рет Мысыр азаматтарының заңсыз еңбек қызметі тіркелді – Қарағандыда құрылыс алаңында 14 азамат рұқсатсыз жұмыс істеген. Алматы облысының Жамбыл ауданында заңсыз алкоголь өндірісімен айналысқан Қытайдың 12 азаматы ұсталды.

Қарағанды облысында шетелдіктерді бірнеше рет заңсыз жұмысқа тарту дерегі бойынша 3 эпизод анықталып, ҚК 395-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында үш ХҚКО қызметкері жалған құжаттар жасап, шетелдік жұмысшыларды заңдастырған. Бұл дерекке байланысты ҚК 394-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Ақмола облысында полицейлер ірі синтетикалық есірткі зертханасын жойды
Келесі пост
Кезекті қаржы пирамидасының жолы кесілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu