Қазақстанда халық санының 42 пайыздан астамын балалар мен қарттар құрайды

Теги: , ,
419

Елімізде халық саны бойынша балалар мен қарттар үлесі 42 пайыздан асты. Мұндай статистиканы Finprom.kz порталы  ұсынды.

Басылым мәліметінше, соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда демографиялық жүктеме айтарлықтай артқан. Жұмысқа қабілеті бар әрбір 1 мың азаматқа шаққанда 740 қарт пен баладан келеді. Егер 2018 жылдан бергі демографиялық жүктеменің басты индикаторының эволюциясын қадағаласақ, көрсеткіштің жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқаны байқалады. 5 жыл бұрын коэффициент 687 деңгейде, яғни осы жылға қарағанда 53-ке төмен болатын.

Бұл – халықтың үлкен жас топтары негізінде ұсынылған статистикалық деректер. Шын мәнінде, елдегі «экономикалық асыраудағы адам» әрбір мың адамға шаққанда 740-тан көп болуы ықтимал. Қолданыстағы әдістеме бойынша 16 жастан асқан балалар қазірдің өзінде еңбекке қабілетті тұрғын санатына кіреді. Дегенмен, бұл жаста өзін-өзі қамтамасыз ете алатын балалар саны тым аз. Сонымен қатар зейнет жасына жеткеніне қарамастан жұмысын жалғастыратын қарттардың бір бөлігін ескеретін болсақ,  бұл дерек басқаша болар еді.

Көрсеткіштің өсуіне негізгі үлесті «балалар» демографиялық жүктемесінің коэффициенті қосып отыр. 2023 жылдың басында елдегі әрбір 1 мың ересек адамға 542 баладан келді. Ал 2018 жылдың қаңтарында олардың саны небәрі 496 болған еді. Соңғы бес жылда 15 жасқа дейінгі балалар саны 5,1 миллионнан 6,2 миллионға дейін өсті.

2023 жылдың басында халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі 31,2 пайызды құрап, соңғы 5 жылдың ішінде 3 пайызға артты. Демографтар балаларды әлеуметтік қолдауға арналған бюджет шығындарының (қарттармен салыстырғанда) едәуір жоғары болуына қарамастан және асырау жүктемесінің негізгі бөлігін балалар құрап отырғанын болашақта экономика үшін қолайлы фактор деп атайды. Себебі алдағы 10-15 жыл ішінде балалардың көпшілігі еңбекке қабілетті жасқа толып, жұмыс күшінің қатарын арттыратын болады.

Алдыңғы пост
Шымкент қаласының ең жаңа ауданы қалай өзгереді
Келесі пост
Аустралиялық туристің жоғалуына байланысты іс қозғалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu