Шымкент қалалық соты, терроризмді насихаттаған қала тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу материалдары бойынша, ол айналасындағы адамдарды зорлық-зомбылық пен адам өлтіруге шақырып, діни экстремизмді насихаттаған.
Сондай-ақ, маусым айында Атырау және Ақтөбе облыстарының соттары да діни алаңда терроризмді насихаттаған екі азаматты тиісінше 7 және 6 жылға түрмеге тоғытты. Олардың бұған дейін де террористік белсенділікке қатысы болғаны және қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері 52 адам, оның ішінде 2 шетелдік, терроризм мен экстремизмге байланысты қылмыстары үшін сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Тағы 52 адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде деп хабарлады баспасөз қызметі.