Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, бес бірдей медальға ие болды.
Биылғы зияткерлік додаға 90 елден 400-ден астам талантты оқушы қатысты. Қазақстандық жас физиктер екі күміс және үш қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.
Жүлдегерлер:
Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы
Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы
Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Артур Ким — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы
Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.
Қазақстан құрама командасы халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.