178
Әлеуметтік желіде, Талғардағы Рысқұлов ауылы кеңінен сөз болуда. Жазбалардағы мәліметке сүйенсек, бұл ауыл «Хуторский» не «Бригада» деп аталады екен. Ал, оларды Хасан есімді орта жасты еңсерген азамат басқаратын көрінеді. Тіпті, Талғардағы ішкі істер органының біраз азаматтары Хасанның қарамағында деп отыр. Кей кездері, кәсібін дөңгелетушілерді қорғауына алып, ақша алып тұрады дейді.
Айта кетейік, 16 жастағы Шерзат, сыраның ақшасын төлемеген азаматтың кесірінен қаза тапты. Тез арада, достарын шақырып алуы, ал, олардың суық қарумен келуінде күмән бар. Демек, «Хуторский» бандысының рас болуы мүмкін.