БҚО-да 1249 баланың құқығы бұзылған

37

БҚО прокуратурасы 70 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жою арқылы 1249 баланың құқықтарының бұзылуының жолын кесті деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

2025 жылғы 29 қаңтарда Сырым ауданының білім бөлімі ауылдық мектептерде 1-4 сынып оқушылары 1248 бала үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша 71 720 388 теңге сомасына 9 конкурс жариялады.

Конкурстық құжаттаманы зерделеу арқылы білім бөлімі әзірлеген перспективалық мәзір санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда, белгілі бір күндерде балалардың күнделікті рационына кіретін сүт, қант және май жетіспеді.

Сонымен қатар, мәзірге 5 компоненттен тұратын күрделі салат енгізілген, бұл денсаулық сақтау министрінің «қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының талаптарын бұзу болып табылады.

Сондай-ақ, перспективалық мәзірде тиісті 200 гр шырынның орнына бұл сусынның төмен көлемі көрсетілген, яғни 165 гр.

Сырым ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.

Алдыңғы пост
Бюджет мүдделері қорғалды
Келесі пост
Стамбұлда қуатты жер сілкінісі сезілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu