289
Қолдағы барыңның есебін бере алмасаң, мемлекетке беруге тура келеді. Мәселен, Қазақстан азаматы байлығының қайдан келгенін түсіндіре алмай, енді 11 миллион долларын мемлекетке қайтарғалы жатыр.
Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіковтің мәліметіне көз жүгіртсек, былтырдың өзінде құқық қорғау органдары 1,5 триллион теңгені елге қайтарған. Бұл дегеніңіз біршама азамат есеп бере алмаған. Егер азамат ақшаның қайдан келгенін дәлелдей алмаса, онда бюджетке қайтаруға міндетті екен.
Аталған 11 миллион доллардың ішінде қымбат зергерлік бұйымдар да бар екен.