Бала көтеруді жоспарлаған әйел, алдын-ала тексеруден өтуге міндеттелмек

78

Өмірге бала әкелетін әйелдер, алдымен тексеруден өтуі қажет. Ол үшін, “Аналар саулығы” бағдарламасы қолға алынбақ. Бұл бағдарлама, ДСМ ана денсаулығы басқармасының басшысы Шәкизат Халықованың айтуы бойынша, 2025 жылдан бастап іске қосылады.

Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.

Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.

“Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін жүктілікке дейін сауықтыру шараларын өткізу ұсынылады. Бұл жүктілікке дейінгі дайындық деп аталады. Кешен денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды жүктілікке, дені сау бала тууға дайындауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдік шараларды қамтиды”, –деді Халықова.

Бүгінгі таңда біздің елде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел.

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді
Келесі пост
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жазасын түрмеде өтейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu