271
Павлодар облысының прокурорларының сөзіне сенсек, балабақшалардың бірінде сотталғандар жұмыс істеген. Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ, психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру дерегі анықталды.
Нақтырақ айтар болсақ, балабақшада бұрын кім өлтіргені үшін сотты болған адам бес жыл жұмыс жасаған. Сонымен қатар, бұзақылық жасап, ұрып-соғу үшін айыпты болғандарда еңбек етіп келген.
Қазіргі таңда ол жұмыскерлер жұмыстан шығарылды. Ал басшысы тәртіптік жазаға тартылды.