Батыс Қазақстан облысында интернет арқылы есірткі таратқан қылмыстық топ әшкереленді

72

Тергеу барысында аталған қылмыстық топты Алматы қаласының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Ол интернет-дүкендер құру арқылы Батыс Қазақстан облысы аумағында есірткі заттарын таратуды жүйелі жолға қойған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде топтың төрт белсенді мүшесі ұсталды деп хабарлады ІІМ.

«Ұсталғандардың бірі — 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны, ол қалааралық курьер ретінде Орал қаласына есірткі жеткізіп отырған. Жеке тінту кезінде оның үстінен 145 оралған есірткі дозасы тәркіленді. Сондай-ақ Орал қаласының 25 жастағы тұрғыны, есірткі тасымалдау желісіндегі “оператор-қоймашы” рөлін атқарған азамат ұсталды. Оның пәтерінен мефедрон, марихуана, электронды таразы мен орау материалдары тәркіленді. Қылмыстық схеманың тағы екі қатысушысы — Орал қаласының тұрғындары есірткі жасырушы ретінде анықталып, олардан 100 zip-пакетке салынған дайын есірткі заттары алынды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Алдыңғы пост
Павлодар облысында вейптердің заңсыз саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді
Келесі пост
Қарағанды облысы Мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu