204
Өрт сөндірушілер Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында сегіз өртті сөндірді.
Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде бір адам құтқарылып, 36 адам оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық өрттер дер кезінді сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Сіздің қауіпсіздігіңіз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз!