Салтанат Нүкенованы өлтірген Бишімбаев пен оның туыс інісі Байжановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Ал, Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова үкімді қайта апелляцияға беруге ниетті екенін мәлімдеді. Енді олар жоғарғы сотқа жүгінбек.
Естеріңізде болса, Байжанов пен Бишімбаев үкімді өзгерту бойынша апелляциялық сотқа шағым түсірген болатын.
“Олар апелляциялық шағымдарында Б. Байжановты оның іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, үкімнің Қ. Бишімбаевқа қатысты ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы бойынша айыптау бөлігін өзгертіп, оның іс-әрекеттерін өзгертілген біліктілікке сәйкес жазаны төмендете отырып, ҚК 106-бабының 3-бөлігіне қайта саралауды, сондай-ақ істі қайта қарауға жібере отырып, сот үкімінің күшін жоюды сұрады”, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын. Ал, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған.