Бишімбаевтың адвокаттары сот залына кіргізілмеді

188

Бүгінгі сот отырысына Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынова кешігіп келді. Сол себепті процесстен шеттетілді. Олардың тек, үзілістен соң ғана кіруге мүмкіндігі болды. Алайда, адвокат Ерлан Ғазымжанов қарсылық білдіруге тырысқан. Бірақ, өзі сөгіс алуына тура келді.

“Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот тікелей эфирден көрсетіліп жатқандықтан сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Сот үзіліс жариялаған кезде олар сотқа қосыла алады”, – дейді судья.

Сонымен қатар, сот отырысы барысында Бишімбаевтың қорғаушысы судья Айжан Құлбаевадан бас тартты

Себебі, судья сотқа шақырылмаған куәлардың айғақтарын оқуға рұқсат берген.

Судья алқабилерге сот залынан шығуды сұрады. Бұдан кейін трансляция тоқтатылды. Дегенмен, қорғаушының сұранысы қанағаттандырылмады. Бұл істі судья Құлбаева қайта жүргізетін болды.

Алдыңғы пост
“Алтын допқа” үміткерлер тізімі жаңартылды
Келесі пост
Премьер-министрлер қарызға ақша сұрап жүр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu